6.05.2016, 12:30
Оқылды: 30

Сенат депутаттары ел арасында

????????????????????????????????????

     Зеленов ауданы әкімі Кәрім Жақыповтың төрағалығымен  актив жиналысы болып өтті. Жиынға ҚР Парламенті  Сенатының  депутаттары Рашит Ахметов, Ерболат Мұқаев қатысты.


     Сонымен бірге аудан әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық мәслихат хатшысы, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық басқармалар мен бөлім басшылары, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ауыл әкімдері, кәсіпкерлер мен  шаруа қожалық жетекшілері, ардагерлер және  саяси партиялар мен үкіметтік емес  ұйымдар куә болды.

     Айта кетейік, күн тәртібінде Елбасының «Қазақстан жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын түсіндіру және іске асыру жөніндегі шаралар туралы қаралды.

     Жыл құсындай жақсылық пен жылылық ала келетін  Елбасының әр Жолдауы – басты бағдарымыз.

     Келешек Қазақстанның бағдарламалық құжатын, оны жүйелі және айқын іске асыру мақсатында тұрғындарға жан-жақты насихаттауды ту еткен сенаторлар Рашит Ахметов пен Ерболат Мұқаев Жолдаудың мән-маңызы, оның басты бағыттары жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.

    Елбасы Жолдауына байланысты өңірде қолға алынған тапсырмалар мен міндеттерге тоқталып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын шешуде бірлесе жұмыс жасау керектігін айтқан  сенат депутаттары алға қойған мақсатқа еліміздегі барша халықтың күш-жігері арқасында қол жеткізуге болатынын атап өтті.

    Сондай-ақ, халық қалаулылары қазіргі уақытта кең талқыланып жатқан жер мәселесі, жер заңнамалары жөнінде де айта отырып, зеленовтықтардың көкейінде жүрген ой-пікірлерін тыңдап, қойылған сауалдарға жауап берді.

    Жиын соңында  аудан басшысы елімізді өркендету бағытындағы жоспарлы жұмыстардың іске асуына белсене  атсалысқан ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Рашид Сайранұлы мен Ерболат Рахметұлына аудан тұрғындары атынан ризашылығын білдіріп, халық қалаулыларының ел игілігі үшін атқарып жүрген қызметтеріне сәттілік тіледі.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі  МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале