25.04.2016, 11:16
Оқылды: 32

Сенбідегі сенбілік

????????????????????????????????????

   Кеше кешкісін толассыз жауған жаңбырдан кейін сенбіде ертемен сенбілікке шыққан қаратөбелік ағайын 4 бағытқа бөлінді.

     Олар аудан орталығы шетіндегі көшелер мен жолдар бойын күл-қоқыс, тұрмыстық қалдықтардан тазартты.


     Екінші мәрте өткізіліп отырған сенбілікке 700-ден астам ауыл тұрғыны қатысып, белсенділік танытты.

     Аталмыш шараға аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан 1, жеке тұрғындар иелігінен 2 техника жұмылдырылды.

     Сонымен қатар, Сырым Датұлы көшесіндегі жол жиегіне 50 түп көшет отырғызылды.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале