9.04.2016, 11:49
Оқылды: 27

Сенбілікке облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты (ФОТО)

????????????????????????????????????

   Тазалық айлығына орай Орал қаласында ұйымдастырылған сенбілікке облыс әкімі Алтай Көлгінов бастаған өңір басшылары, мекеме-кәсіпорындардың жұмысшы қызметкерлері, студенттер мен қала тұрғындары белсене қатысты.


  Көктемнің жайма шуақ күнінде сенбілікке шығушылардың қарасы көп болды. Әр мекеме-кәсіпорын қызметкерлері өз ғимараттарының айналасын күл-қоқыстан тазартып, тал-теректер екті. Өңір басшылары қаладағы Алмазов, Еуразия көшелеріндегі тал-терек егу жұмыстарына қатысып, өз қолдарымен жас шыбықтар отырғызды.

????????????????????????????????????

 

         -Бүгінгі сенбілікке қала тұрғындарының көп қатысуы көңіл қуантады. Қаланың әр тұрғыны өз ауласын, айналасын таза ұстаса ғана шаһарымыздың көркі кірмек. Сонымен қатар облыс орталығы мен аудандарды көгалдандырып, жасыл мекенге айналдыруға да күш жұмылдырудамыз. Бұл сенбілікте барлығы 600 түп терек отырғызу жоспарланған болатын. 16 сәуір бүкіл қазақстандық орман отырғызу күнінде осы жұмыстар жалғасын таппақ. Жалпы, Ел тәуілсіздінінің 25 жылдық мерейтойына орай өңірімізде отырғызылған тал-теректің санын 25 мыңға жеткізу көзделіп отыр,-деді Алтай Сейдірұлы.

Screenshot_2016-04-09-10-20-44-1

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале