20.04.2016, 16:28
Оқылды: 23

Сенбілік жұмыстары қарқын алуда

 Terekti subotnik    Тазалық айы басталысымен аудан халқы білектерін сыбана сенбілік жасауға кірісті. Қысбойықордаланып, елді-мекендердің сәнін кетіріп тұрған қоқыстарды кәрісі де, жасы да жоюға атырысуда. Әрине, бұл бір күннің шаруасы емес.

    Осы игілікті жұмысқа аудан басшысы Жеңіс Серікқалиев бас болып, Подстепный ауылында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты. Аудан басшысы округ жастарымен бірлесіп көшет отырғызып, көпке үлгі болды деуге толық негіз бар.


     -Сенбілік жұмыстарына ауданымыздың әр тұрғыны үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Тұрғындар тым болмағанда өз ауласын таза ұстап, көшелерінде қоқыстың болдырмауын қадағаласа аудан тазалығына қосқан қомақты үлес деп айтар ем. Бабаларымыз «бір кессең он тал ек» деп өсиет қалдырған. Жастардың санасына осы аталы сөзді сіңіру мақсатында үлкендер жағы белсенділік таныту керек. Ауданымыздың таза әрі көрікті болуы-бәріміздің мәртебеміз,-деді аудан әкімі өз сөзінде.

     Подстепный селолық округіндегі сенбілік жұмыстарына 5 дана техника бөлініп, 300-ден астам адам қатысты. Тоғыз жолдың торабы саналатын аталмыш елді-мекенге келімді-кетімді адамдар көп болғандықтан қоқыстардың да мол кездесуі анық нәрсе. Дегенімен, округтегі әр көшеде қоқыс жәшіктері  орнатылған.

     Аталмыш сенбілікте округ бойынша 120 түп көшет отырғызылып, 10 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылған. Тұрғындар арасында сенбілікке жауапкершілікпен қарап, белсенді болған адамдар да бар. Мысалы, Тоқпай ауылының тұрғыны Д.Улмекесова отбасымен бірге сенбілікке  шығып, ауылдың таза  болуына айтарлықтай жәрдем көрсеткен. Осындай жандар ауданымызда көп болса нұр үстіне нұр.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале