12.10.2015, 17:29
Оқылды: 25

Сенбілік ұйымдастырылды

Жанибек сенбӨңірдің санитарлық жағдайын жақсарту, абаттандыру, көгалдандыру, тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатын көздеген «Жасыл жапырақ – Зеленый лист» және «Таза жағалау» акциялары аясында ауданымызда сенбілік ұйымдастырылды.

Оған көптеген кәсіпорындар мен мекемелердің ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. «Жәнібек дендробағының» аумағы, автокөлік жолдарының бойлары қураған және құлаған ағаштардан, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар аудан орталығының оңтүстік-батыс беткейіндегі саябаққа 100-ден астам жас көшеттер отырғызылды. Осындай сенбіліктер ауданның барлық ауылдық округтерінде де оздырылды.

                                                                           www.zhaikpress.kz

Данияр ОСПАН

                                                                           Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале