13.10.2015, 16:15
Оқылды: 22

Сенбілік өтті

сенбілікТасқала ауданында «Жасыл жапырақ – зеленый лист» және «Таза жағалау» акциясы аясында сенбілік өтті.

Сенбілікке 697 адам, 11 техника қатысып, көшелер, ғимараттар маңы және Деркөл өзенінің жағалауын тазалап, барлығы 66,7 тонна қоқыс шығарылды. Жиналған қоқыстар қапқа салынып, сол күні арнайы қоқыс орнына төгілді. Сонымен қатар Тасқала ауылы бойынша 300 көшет отырғызылды.

Жалпы, сенбілік ұйымдасқан түрде өтіп, ауданымыз одан әрі тазара түсті.

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале