30.03.2016, 12:21
Оқылды: 35

«Сен де бір кірпіш дүниеге...»

????????????????????????????????????

  Наурыздың 28-29-ы күндері «WorldSkilIs Kazakhstan» аймақтық біріншілігі өтті. Оған облысымыздағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Елбасымыз Жолдауында әлемдегі нарықтық қатынастарға төтеп беру үшін осы бағытта сапалы маман даярлау ісіне ден қою керектігін әрдайым тілге тиек ететіні мәлім.


    Аймақтық байқауға 21 колледж атынан тас-түйін дайындалған техникалық және кәсіптік білім алушылар алты түрлі мамандық бойынша кәсіби шеберліктерін сынады. Олардың еңбегін арнайы мамандар бағалаған соң, жеңімпаздар Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде марапатталды. «Дәнекерлеу технологиясы» бойынша Орал политехникалық колледжінің студенті Максим Сумкин, «Аспазшы ісінен» Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті Руслан Тұрманов, «Тас қалау ісінен»  Орал политехникалық колледжінің студенті Сауран Қайнешев, «Шаштараз өнерінен» Орал технологиялық колледжінің студенті Мәди Бекежан, «Кондитерлік іс» аталымынан Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті Вероника Бузоверова, «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» құзіреттілігі бойынша Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Даяна Қажығалиева І дәрежелі диплом мен алтын медальды иемденді. «Бұл жарыс болашақтарың үшін алғашқы үлкен баспалдақ болды. Оқу орнын бітіріп, диплом алғаннан кейін еңбекке араласасыңдар. Сендердің әрқайсысың зердеге қонған білім мен оқытушыларың үйреткен тәжірибені, бойларыңдағы жас жігерді өздеріңнің кәделеріңе жаратып қана қоймай, ел экономикасын дамыту жолына жұмсайды деп  сенемін», – дей келе, БҚО білім беру басқармасының басшысының орынбасары Нұрлан Сабиров байқауға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға белсенділіктері үшін ризашылық білдірді. Білім бәсекесінде оза шапқандар сәуір айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

www.zhaikpress.kz

Нұртай АЛТАЙҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале