2.11.2015, 13:09
Оқылды: 18

«Серпіндіктерді» серпілткен фестиваль

Serpin2050    «Нұр Отан» партиясының үлкен мәжіліс залында «Серпін - 2050» - «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы негізінде «Аламан - 2015» облыстық фестивалі мәреге жетті.

 

Басқосуға «Серпін - 2050» әлеуметтік жобасы республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы М.Әбенов пен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Азамат Айтуев қатысты.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға өңіріміздің жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқитын «серпіндіктерді» бір-бірімен жақын таныстыру, достық қарым-қатынасты арттыру, өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген еді. Фестиваль спорттық ойындар, пікірсайыс турнирі,  үздік бейнеролик, көркем сөз оқу,  ұлттық би,  дәстүрлі ән, эстрадалық ән, «Жайдарман» секілді он аталым бойынша оздырылды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынған болатын. Сонымен қатар, «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жастар жұмыс бар жерге бару керек», -деп көрсеткен болатын. Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі 2014 жылы жас­тар мәселесіне арнап арнайы «Мәңгілік Ел Жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасын қолға алған болатын.

Бүгінде «Серпін – 2050» - «Мәңгілік Ел жастары –индустрияға!» әлеуметтік жобасы негізінде өңіріміздің жоғары және арнаулы орта білім беретін 8 оқу орнында Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан  келген жалпы саны 1000-ға жуық студент білім алуда.

Жиында  сөз алған  «Серпін - 2050» әлеуметтік  жобасы республикалық үйлестіру кеңесінің  төрағасы  М.Әбенов  алдымен фестивальге қатысушыларға жалынды сәлемін жолдады.

Фестиваль қорытындысында әр аталым бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале