30.06.2016, 12:30
Оқылды: 13

Серіктестік танытуға мүдделі

Screenshot_2016-06-30-09-32-09-1Маңғыстау жəне Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері бастаған ресми топ Ақтау қаласындағы арнайы экономикалық аймақта еңбек етіп жатқан бірқатар кәсіпорындарға барып, олардың қызметімен танысты.


Жол құрылысы саласына пайдаланылатын битум өндіруші және құрылыс саласына қажетті пластикалық құбыр өндіруші зауыттарда болған Алтай Көлгінов егер осы өнімдердің сапасы стандарттарға сай болса, болашақта серіктестік танытуға мүдделі екендігін айтты.

Батыс Қазақстан облысының Маңғыстаудағы күндері мәдени шараларға жалғасып, Абай атындағы Мәдениет үйіне жиналған көпшілік қазақтың белгілі ақыны Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кеші мен оралдық өнерпаздардың гала-концертін тамашалады.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек Оразаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале