20.04.2016, 16:40
Оқылды: 17

Серікқали - Зеленов барысы

????????????????????????????????????

     Зеленовта ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті- Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін, қазақ күресінен VI-шы «Қазақстан барысы» түйе балуандар арасындағы республикалық турнирге аудандық іріктеу өткен болатын.


     Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен, ұлттық күрестің мәртебесін көтеруді ту еткен сайыста Переметный, Егіндібұлақ, Көшім, Янайкин, Белес, Достық, Мичурин ауылдық округтерінің балуандары бақ сынады.

     Көптің ішінен, мықтыны  анықтаған дода тартысты өтті.

     Сонымен, шешуші шайқаста көшімдік Нұрлан Досқалиев пен достықтық Серікқали Шудабай белдескен еді.          Қызу белдесудің нәтижесінде түйе балуан Серікқали жеңімпаз атанып, облыстық іріктеуге жолдама алды.

     Ал, көшімдік Нұрлан Досқалиев ІІ орынан көрінсе, переметныйлық Бағдат Нажимов ІІІ орынды қанағат тұтты.

     Жеңімпаз бен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар тарту етілді.

www.zhaikpress.kz

Д.БЕРІШ

 Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале