27.10.2016, 11:13
Оқылды: 48

Әдебиеттанушы ғалым 70 жасқа толар еді

        М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры болған, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, әдебиеттанушы ғалым Серікқали Шарабасовтың туғанына 70 жыл толуына орай іс-шаралар басталды.


Серікқали Ғабдешұлы атындағы оқу-əдістемелік кабинет салтанатпен ашылды. Университеттің бас ғимаратында ғалымның аты берілген 405-ші дəрісхана лентасын М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы Əсет Иманғалиев пен белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева қиды. Оқу-əдістемелік кабинетті университеттің филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Зейнолла Мүтиев таныстырды.
Кабинетте ұстаздың фотосуреттері, өмірдерегі, ақындардың оған арнаған өлеңдері жазылған тақталар ілінген. Марапаттары бір бұрышқа орналастырылса, витринаға тұтынған бұйымдары қойылыпты. Кабинет қасындағы бөлмеге жеке кітапханасынан алынған оқу-əдістемелік құралдар, ғылыми əдебиеттер жинақталыпты.
Шарада Орал қалалық №1 мектептің оқушылары ұстаздың ұлағатты сөздерін жатқа айтты. Кейін ақын Ақұштап Бақтыгереева мен отбасы атынан ұлы Еділ Шарабасов сөз алып, игі істі ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале