27.05.2015, 19:27
Оқылды: 16

Сессияға әзірлік пысықталды

Akim Assambbbb  БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті. Облыс әкімі, БҚО ҚХА-ның төрағасы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен бұл кеңесте ХҮІІІ сессиясының күн тәртібі бекітіліп, БҚО ҚХА жастар қанатының жұмысы және Ақжайық ауданындағы ҚХА жылы аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндама тыңдалды. 

БҚО ҚХА жастар қанатының жетекшісі Игорь Спиридонов соңғы жылдардағы атқарған жұмыстары жөнінде жан-жақты баяндап шықты. Өзінің қазақша үйреніп жүргенін айта келіп, екі-үш сөйлем өз ойын қазақша жеткізді. Ақжайық ауданының әкімі Н. Төреғалиев өз баяндамасында аталмыш аудан халқының 95 пайызы қазақ ұлты, қалған 5 пайызы 20 этностың өкілі екенін келтірді. Ақжайықта ассамблея жылы аясында түрлі акциялар, флеш-мобтар, веложорықтар, басқа да спорттық шаралар, көркемөнерпаздар фестивальдары өткізілгенін тілге тиек еткен аудан әкімі 18 ауылдық округте қоғамдық келісім кеңестері құрылғанын айтты.
Отырыста «Н. Назарбаевтың 5 институционалды реформаларын жүзеге асыру бойынша 100 қадам» атты Ұлт жоспары талқыланып, одан туындайтын тапсырмалардың жоспары бекітілді.

Өмірден өткен ассамблея мүшесі Абдуманап Каримов пен жұмыс орнын ауыстырған Серік Молдағалиевті ҚХА және облыстық ассамблея құрамынан шығару, ал облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Даумов, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры Нұрлан Серғалев, Орал қаласы әкімінің кеңесшісі Валентина Юртаеваны БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының құрамына енгізу ұсынылды.

Жиын соңында елу шақты ассамблея мүшесі мен өңірдегі қоғам өміріне белсене араласып жүрген тұлғалар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Нұрлыбек НҰРЛАНҰЛЫ
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале