2.09.2016, 18:33
Оқылды: 17

Сирек тұқымды балықтар тәркіленді

balik  Батыс Қазақстан облысы Жергілікті полиция қызметкерлері  жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тағы бір қылмыстың бетін ашты.  Тамыздың 28-күні «Атырау-Орал»  тасжолындағы «Көшім» бекетінде 1976  және 1991 жылы туылған азаматтардың басқаруындағы «Фольксваген-Пассат» маркілі автокөліктері тоқтатылып, тексерілді.


   Аталған көліктерді тексеру барысында көліктің жүк салғышынан ешқандай құжатсыз тасымалдамақшы болған  бірінен салмағы 55 кг., екіншісінен 250 кг. сирек тұқымды табан, қылышбалык балықтары табылып, тәркіленді.

   Бұл фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 196-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс  қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Батыс Қазақстан облысы

 ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале