25.08.2016, 17:05
Оқылды: 36

Ситуативті қазақ тілі

Screenshot_2016-08-26-08-48-15-1Осындай атпен Қанат Тасибековтің 3 томдық кітабы жарық көрді. Қазақ тілінің оқу әдісі - орыс тілінде сөйлейтін қазақтарға, басқа ұлт өкілдеріне арналған. Кәсіби мамандар Нәзипа Шинаи, Дос Көшімов кітаптың бірінші, екінші томдарына оң бағасын беріп, енді "Ситуативті қазақ тілінің" 3 томы редакциялаудан өтуде. Алғашында 1000 дана болып басылып шыққан кітап, қазіргі уақытта 24000 дана сатылымда жүр.

Саятшы Қанат ағамыздың қазақ тілін оқыту методикасына қызығушылар күн санап артып келеді. Айта кететіні, Астана қаласында Қанат Тасибековке "Тіл жанашыры" деген даңқ берілді.

Саламат Ералин

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале