31.05.2016, 10:15
Оқылды: 22

Солақай саясаттың құрбандарын еске алды

 

akjaik repressiaАқжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы «Зерде» саябағында саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алуға арналған митингі өтті.


 

Тоталитаризмнің асқынған солақай саясаты кезеңінде барлық жердегідей, бұл аудан жұрты да жазықсыз қуғындалудың зор зардабын тартты. 422 адам жазалаудың құрсауына ілігіп, оның 10-ны Сібірге, Тобылға жер аударылып, 140-ы атылды, 40-ы тастүнек камераларға қамалды, отбасылары да шетқақпай көріп, қайғы-қасірет  тартты.

akjaik repressia (1)Тәуелсіздігімізбен бірге олардың барлығының есімдері арамызға ұмытылмастай оралды. Өз алдына дербестік алған байтақ елімізде қайғылы тарихтың қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрі жасалуда. Өткеннің ащы сабағынан қорытынды шығару, бүгінгі азаттығымыздың құнын білу, Отанымыздың иігілігін еңбекпен еселеу – бізге парыз. Митингіде өз сөзінде аудан әкімі Әділ Жоламанов мұны басым айтты.

М.Әуезов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Алдаберген Сәрсеков сонау кезде ешбір кінәсіз жазаланғандар туралы бүгінге дейін көптеген дерек жинақталғанын, бұл одан әрі байытылатынын әңгімеледі.

Мектептер оқушылары ХХ ғасырдағы тарихтың қасіретті парақтарына арналған, соған енді ешқашан жол бермеуге үндеген ақындар жырын оқыды.

Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарына арналған ескерткіш іргесіне гүл шоқтары қойылды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале