4.02.2016, 16:05
Оқылды: 24

Соттар жылды қорытындылады

 SOT    Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотында 2015 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы жөнінде БАҚ өкілдеріне арналған брифинг болды. Басқосуды облыстық соттың төрағасы Бек Әметов жүргізді.

Оның айтуынша, өткен жылы облыс соттарына 28 885 іс және 334 іс түсіп, 27 317 іс қаралып, үкім немесе шешім шығарылған. Кассациялық сот алқасының өндірісіне 628 шағым және азаматтық істер бойынша наразылықтар түскен, 527 іс өндіріспен аяқталған. Облыс бойынша жалпы азаматтық істерді қараудың 64 пайызы бұрынғыша №2 Орал қалалық сотының үлесіне тиесілі. 


Қылмыстық істерге тоқталар болсақ, 2015 жылы 2650 тұлғаға қатысты 2387 қылмыстық іс түскен және 1614 тұлғаға қатысты 1385 үкім шығарылған. 914 тұлғаға қатысты 860 қылмыстық іс қысқартылған. Сотталған жасөспірімдер саны – 16. Медиация рәсімін қолдану арқылы 435 іс қысқартылған.

Күні бүгін облыстық соттың оқу орталығында түрлі семинарлар, бейнеконференциялар, жас судьяларды оқыту шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Айта кеетін бір жағдай қазір облыс соттарында еңбек өтілдері 3 жылға дейін 30 судья еңбек етуде. Солардың ішінде 12-сінің еңбек өтіліне әлі жыл толмаған.

www.zhaikpress.kz

Т.ҒАБДІРЕШҰЛЫ  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале