13.08.2015, 16:16
Оқылды: 38

Соттағы «Зерде сағаты»

 

зерде сагатыАқжайық аудандық №2 сотының қызметкерлері өткен ғасырдың 1933 жылдан бастап Тайпақ аудандық сотының тергеушісі, содан кейін БҚО сотының мүшесі, Бөрлі ауданының халық судьясы, кейін 1960 жылға дейін Тайпақ аудандық сотының судьясы болған Құлыбай Ерғалиевтың ауыл-елі үшін жасаған игі істерін, халыққа адамдық қасиеттерімен жаққан жарқын келбетін есте ұстайды.

Жуырда тұрғындардың қатысуымен Қ.Ерғалиевті еске алуға арналған «Зерде сағаты» өтті. Алматы қаласынан туған жерге сапарлап келген оның ұлы Жеңіс Ерғалиевпен бірге сот ұжымы, жиналғандар сонау 1916 жылғы І империалистік соғыста патша үкіметі тылдағы қара жұмысқа жеккен, Австрия майданындағы жұмысшы партиясында болған, елге Ұлы Қазан төңкерісінен кейін ғана оралған Қ.Ерғалиевтің одан кейінгі өмір және еңбек жолын, алты перзенттің әкесі болған аса бақытты жылдарын әңгімеледі. «Құрмет Белгісі» орденінің иегері атанған абзал жанның еңбек өмірбаянынан бүгіндегі әріптестері әрдайым оқып-үйреніп отырады.

«Зерде сағатында» сот ұжымының атынан судья В.Адушева Ж.Ерғалиевке сыйлық ретінде БҚО соты шығарған, сала ардагерлері туралы баяндайтын кітапты табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале