13.06.2015, 15:40
Оқылды: 20

Сотта өткен мәжіліс

Kaztalov sotta otken majilis    Қазталов аудандық №2 сотында облыстық соттың қатысуымен және мамандармен жиналыс өткізілді. Жиынға аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медиатор, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Данияр Қайратов, сот саласының мамандары қатысты.

Жиында сөз алған облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Махамбет Бақтығұлов «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы жайында айтып, бес институттық бағдарламаны жүзеге асыруда соттардың алдында тұрған міндеттерге жан-жақты тоқталды.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале