29.07.2015, 18:43
Оқылды: 33

Сотта өткізілген брифинг

Terekti sot brifing    Теректі  аудандық №2 сотында ақпарат  саласы  өкілдерінің  қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг  күн тәртібіне қойылған басты  мәселе - үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығы сот жұмысының қорытындысы.

Брифингте баяндама жасаған аудандық № 2  сот төрағасының міндетін  атқарушы Е.Усманов бірінші  жарты  жылдықтағы статистикалық көрсеткіштер мен қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік  құқық бұзушылық істер бойынша мәліметтерге тоқталды.

Сонымен  бірге  сот  өндірісінде жаңа  технологияларды қолданудағыміндеттерді орындау мәселелері туралы айтылды.

Мұнан әрі  Елбасының «100 нақты қадам»  Жолдауындағы  бес институциялық реформаны  жүзеге  асыру  жөнінде көрсетілген  негізгі қағидаттар жайы сөз  болды. Алынған шаралар азаматтардың сот төрелігіне қол жетімдігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшуге, сөйтіп мемлекеттілікті нығайтып, әрі қарай эконмикалық дамуға  бағытталған.

www.zhaikpress.kz

М.Жұбандықов

Ақжайық селосы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале