7.06.2016, 17:20
Оқылды: 38

Сот актілерін орындау сұрақтары бойынша дөңгелек үстел

????????????????????????????????????

   Қаратөбе аудандық сотының залында сот актілерін орындау бойынша дөңгелек үстел өтті.

  Дөңгелек үстел жұмысына аудандық соттың төрайымы Бақытгүл Жәңгірова, прокурор көмекшісі Райхан Мұқанова, аумақтық сот орындаушысы Мұрат Абдрахманов, аудандық салық басқармасы, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, аудандық ішкі істер бөліміндерінің өкілдері қатысты.


   Дөңгелек үстел маңызы сот актілерінің ұзақ уақыт орындалмауының себептері, мемлекет пайдасына өндіруге жататын сот актілерді орындаудың маңыздылығы, орындау кезінде кездесетін шешімін таппаған сот актілерін орындауда бірлесе жұмыс жасаудың тиімділігі жөнінде өрбіді.

   Отырыс барысында сөз алған аумақтық сот орындаушысы М.Абдрахманов сот актілерінің нақты толық көлемде орындалуына борышкерлердің тұрақты табысының,  мүлкінің болмауы кедергі келтіретінін,  жалпы орындау бағытында барлық қажетті шаралар қолданылып отырғандығын айтты.

   Дөңгелек үстел қортындылаған сот төрайымы Б.Жәңгірова сот жұмысының нәтижесі сот шешімдерінің орындалуымен көрініс табатындығын, сондықтан сот актілерін орындалуының деңгейін жоғарылату қажеттілігін атап өтті.

www.zhaikpress.kz

ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫ

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале