13.07.2015, 19:03
Оқылды: 24

Сот жүйесінде дәуір талабына сай толымды бетбұрыстар бар

Sot jyiesi   Ақжайық аудандық №2 сотының төрайымы Гүлжихан Сағитова 2015 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша Тайпақ ауылында баспасөз мәслихатын өткізді.

Аталған мерзім ішінде 11 қылмыстық іс аяқталды, оның ішінде 5 іс бойынша айыптау үкімі шықты, 1 адам ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, бірақ жазаға ҚК-нің 63-бабы қолданылып, 3 жыл сынақ мерзімі тағайындалды, Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін 2 адам 60 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылған. 1 тұлғаға қатысты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бұл шетел азаматы М.Хаджаровқа қатысты, ол жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзып, абайсызда кісі өліміне әкеп соққаны үшін 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

5 адамға қатысты 5 іс медиация заңының талабына сай қысқартылды, оның ішінде 4 іс жекеше айыптау істері бойынша, ал бір іс – ҚК-нің 187-бабының 1-бөлімі (ұсақ-түйек жымқырғаны үшін) бойынша.

1 қылмыстық іс бойынша 2 айыпталушыға қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде санкция берілді. Бұл айыпталушылар – Жаңақала ауданы Қызылоба ауылының тұрғындары, біреуі шаруа қожалығының жетекшісі, екіншісі осы қожалықтың малшысы. Олардың үстінен ауданымыздағы Ақсуат ауылынан бір тұрғынның көп жылқысын ұрлады деген қылмыстық іс бүгінде қаралу үстінде.

Пробация қызметінің 8 ұсынысы қаралып, мұның 7-еуі қанағаттандырылды.

www.zhaikpress.kz

Болат ЕСҚАЛИЕВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале