5.04.2016, 10:27
Оқылды: 21

«Сот кабинеті» және медиативтік келісімдер

sot     «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі» арқылы Ақжайық аудандық №2 сотына Тайпақ ауылының екі тұрғыны жауапкерлерден қарыздарын өндіру туралы арызбен жүгінді.


    Сотта талапкерлер жауапкерлердің өздерінің дүкенінен азық-түлікті қарызға алып, белгіленген мерзімде қарыздарын қайтармағаны белгілі болды. Сот мәжілісі барысында тараптар кәсіпқой емес медиатор Светлана Тілекееваның қатысуымен жасалған медиативтік келісімдерді бекіту туралы талап-тілекпен жүгінді. Ауылдық округ әкімдігіндегі медиация кабинетінде тараптар аталған келісімдерге қол қойды. Соттың ұйғарымымен медиативтік келісімдердің шарттары бекітіліп, бес іс бойынша өндіріс тоқтатылып, төленген мемлекеттік баж талапкерлерге қайтарылды.

     Айта кетейік, 2015 жылы «Сот кабинеті» арқылы түскен 122 талап арыздың116-і аяқталды, оның 21 медиация тәртібімен қаралды. Ал осы жыл басынан бері аталған кабинеті арқылы 29 талап арыз түсіп, 17-сі аяқталды, оның бесеуі медиация тәртібімен қаралды. Демек, бұл электронды ақпараттық сервисі мен медиация қағидалары тұрғындарға кеңінен белгілі болуда.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале