18.03.2016, 11:28
Оқылды: 21

«Сот кабинеті» сервисі жөніндегі семинар өткізілді

sot   Зеленов аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін түсіндіру жөнінде семинар өткізілді.

Басқосуға сот төрағасы М.Шингалиев, судья А.Төлегенов және сот қызметкерлері қатысты.


Кеңсе меңгерушісі М.Қалиев «Сот кабинеті» жайында баяндамасында:

- Сот кабинеті -  бұл электрондық ақпараттық сервис. Ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылғандығын тілге тиек етті.

Аталған сервистің негізгі ерекшілігі азамат немесе оның өкілі кез келген ыңғайлы уақытта үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарап, сот актісін шығара алады. Сонымен бірге азаматтар іс бойынша сот құжаттарын, өтініш бойынша соттың қарау мерзімдерін бақылауға мүмкіндіктері бар.Бүгінде Зеленов аудандық сотында азаматтардан келіп түсетін талап арыздардың 100 пайызы электронды түрде қабылдануда. Бұл сервисінің басты мақсаты сот жүйесінің айқындылығын және қолжетімділігін барша халыққа таныту.

Ал, жетекші маманы Д.Туркеев бұл бағыттағы жұмысты насихаттау мен түсіндіру күнделікті жүзеге асырылу қажет екендігін айтып өтті.

www.zhaikpress.kz

Зеленов аудандық соты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале