22.07.2015, 18:40
Оқылды: 17

Сот төрелігінің сапасы артуда

Sott   Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты биылғы бірінші жартыжылдықты жақсы көрсеткіштермен қорытындылады.

Ағымдағы жылдың алты айы ішінде экономикалық сотқа 1676 талап арыз түскен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27 пайызға аз. Қозғалған іс көлемі де былтырғыдан 21 пайызға төмендеген. Қаралған азаматтық іс те 19 пайызға азайған. Сондай-ақ, есепті кезеңде арыздарды қабылдаудан бас тарту 90, арыздарды кері қайтару 74, арыздарды қараусыз қалдыру 67, сырттай қарау арқылы шығарылған сот шешімдері 95 пайызға, ал апелляциялық сатыда күші жойылып және өзгертілген бірінші сатылы сот актілері екі есе төмендеген. Медиаторлардың қатысуымен 2014 жылы 1 іс қаралса, биыл оның саны 56-ға жетті. Міне, осындай көрсеткіштердің нәтижесінде сот төрелігін жүзеге асыру сапасы бойынша БҚО экономикалық соты республика көлемінде 2-орынға шықты. Бұл жөнінде сейсенбі күні аталмыш сот ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Жиын барысында сондай-ақ Қазақ хандығының 550, ҚР Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойларына байланысты қолға алынған шаралар туралы баяндалды. Бес институционалды реформаны жүзеге асырудағы заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша республикамыздың сот жүйесін дамытуда бірқатар жұмыстардың атқарылып жатқандығы да аталып өтілді.

www.zhaikpress.kz

Сәкен  ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале