20.04.2016, 16:45
Оқылды: 15

Сот қызметі жарап тұр

????????????????????????????????????

    2016 жылдың 1 тоқсанында Теректі аудандық сотпен азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша айқын жұмыс жүргізілді.Көрсетілген мерзім ішінде сотқа 10 қылмыстық іс түсті: оның 7-еуі аяқталған істер арасында, 3-еуіүкім шығаруымен байланысты. Есептік мерзімнің аяғында 3 қылмыстық іс қозғалды. Қаралған 6 қылмыстық істер бойынша сот мәжілістерінде аудио-бейне жазу жүйесі қолданылды.


    Жазаны өтеу мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы 3 іс қаралып, барлығы қанағаттандырылды. Сондай-ақ, қамау түріндегі бұлтартпау шараны санкциялау туралы - 1 өтініш, тінту жүргізу және құжаттарды алу туралы 13 материал және айғақтарды сотта сақтап қою туралы – 1 материал қаралды.

      2015 жылдың 1 тоқсанында сотқа 11 қылмыстық іс түскен, оның 4-еуі қаралған, 3-еуіне үкім шығарылып, 1 іс қысқартылып, 1 іс прокурорға қайтарылған.

      Биылғы түскен қылмыстық істердің сәл азайып, ал қаралған істердің көбейгені анық болып тұр. 2016 жылдың 1 тоқсанында 87 азаматтық іс қаралды, оның ішінде: шешім шығарумен - 41, сот бұйрығы шешімімен – 22, іс бойынша өндірісті қысқартумен – 22, талап арызды қараусыз қалдырумен – 2. Есептік мерзім аяғына қалдықта 45 іс есепте тұрды.

    Медиатордың қатысуымен 20 азаматтық іс қаралып, қысқартылды. 2015 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда, қаралған азаматтық істер 77 іске немесе 88,5 %-ға азайған.Сот мәжілістерінде аудио бейне жазу жүйесі 47 іс бойынша қолданылды.

         Осы жылдың 3 ай ішінде 90 әкімшілік іс қаралып, 79 іске әкімшілік жаза салу туралы қаулы шығарылды, 11 іс бойынша өндіріс қысқартылды. Әкімшілік жаза түрлері бойынша келесі нәтижеге көз жүгіртсек. Негізгі әкімшілік жазалар салу туралы шығарылған қаулылардың саны, ескерту түрінде – 4, айыппұл түрінде – 25, қамауға алу – 37, көлік құралдарын басқару құқығынан айыру – 13, қосымша әкімшілік жазалар ретінде тәркілеу – 1 іс. Барлық әкімшілік істер заңмен көзделген мезгілде қаралды. 89 әкімшілік істер бойынша сот мәжілістерінде аудио бейне жазу құралы қолданылды.

    Аталған мерзімде әкімшілік істер бойынша сот қаулыларына шағымдар мен наразылықтар түскен жоқ. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің қарау мерзімі бұзылған жоқ және істер сот өндірісінде белгіленген мерзімінен жоғары болған жоқ.

      БАҚ-мен жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың 1 тоқсанында облыстық соттың ресми сайтында 13 пресс-релиздер орналастырылды, интернет сайттарда 2 материал жарық көрді және жергілікті газет беттерінде 4 мақала жарияланды. Осы бағытта жұмыс жалғасуда.

www.zhaikpress.kz

Гүлшат АЙМАНБЕК

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале