21.10.2015, 14:00
Оқылды: 28

Сот қызметі қорытындыланды

суд орда4Бөкей ордасы аудандық сот ғимаратында брифинг оздырылып, онда ағымдағы 9 айда атқарылған жұмыстар, шығарылған шешімдер, қаралған істер жайы әңгімеленді.

Осы уақыт аралығында 35 тұлғаға қатысты 31 қылмыстық іс қаралып, 1 қылмыстық іс қалдықта қалды. Статистикалық есеп бойынша 27 тұлғаға қатысты 23 үкім шығарылып, ал 8 тұлғаға қатысты 8 қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылған. Бүгінгі таңда 103 азаматтық іс қаралып, аяқталса, 8-і өз шешімін күтуде. Сонымен қатар сот кабинеті арқылы түскен 79 талап-арыз да назардан қалмай қаралуда.

Айта кетелік, әкімшілік істерді сот кабинеті арқылы жолдау ісі толықтай қолға алынып, өндірісте пайдаланылуда.

www.zhaikpress.kz

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале