25.05.2016, 19:45
Оқылды: 18

Соңғы қоңырау салтанаты

????????????????????????????????????

  Бүгін  Тасқала ауданы бойынша  барлық мектептерде соңғы қоңырау салтанаты өтті. Аудан бойынша 132 оқушы мектеп қабырғасынан ұшқалы отырса, соның 103-і ҰБТ-ға қатысып, өз бақтарын сынамақ.


    Тоғыз түлек  «Алтын белгіге»,  сегіз оқушы үздік аттестатқа үміткер. Аталмыш шараға облыстық және аудан орталығындағы ақпараттық насихат тобының мүшелері   қатысты.  Олардың қатарында Тасқала ауданы бойынша облыстық  мәслихаттың депутаты, «Серік» ЖШС бас директорының орынбасары А.Мерғалиев, «Батыс қазақстан электрторабын таратушы компаниясы» АҚ  директоры, жерлесіміз Қ.Мусин, БҚО білім саласындағы бақылау департаментінің  басшысы С.Бакишева және «Жайық Пресс» ЖШС директорының орынбасары, ақын Ғ.Сейтақ  тағы да басқа қонақтар болды.

www.zhaikpress.kz

М.Жексенгалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале