22.06.2015, 9:56
Оқылды: 34

Соңғы қоңырау сыңғыры

Akimmm tylek    Қаламыздың Абай алаңында мектеп бітіруші түлектердің алтын ұя мектебімен қоштасуға арналған салтанатты кеші өтті.

Шараға облыс басшысы Нұрлан Ноғаев қатысты. Алғысөз алған облыс басшысы түлектерге тілегін былайша білдірді. - Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Алдарыңызда  үлкен өмір жолы күтіп тұр. Ата-аналарыңыздың, ұстаздарыңыздың бойларыңызға сіңірген білімін, тәрбиесін бәсекелестікке сай пайдалана біліңіздер. Сіздердің ендігі міндеттеріңіз - өздеріңіз таңдаған мамандыққа түсіп, еліміздің дамуына үлес қосу. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы әрқашан оқу процесін, білім мен тәрбие беруді жеке назарында ұстап келеді. Соның нәтижесінде білім саласында жаңа оқу орындар ашылып, жаңа технология, жаңа техника, құрал-жабдықтар пайдаланылып келе жатыр. Сондай Елбасымыз өз сөзінде "Біз қандай жастарды тәрбиелеп шығарамыз, еліміздің болашағы да сондай болмақ" деген болатын.Біздің болашағымыз сендерсіңдер! 2014-2015 оқу жылдары облысымыз үшін нәтижелі болды. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша Алматы, Астанадан кейінгі орынға сап түзедік. Жалпы облыс бойынша 4581 оқушы оқу жылын аяқтаса, оның 3116-сы ҰБТ тапсырды. Соның ішінде 120 оқушы "Алтын белгі" иегері атанса, 54-і "Ерекше аттестатын" ақтап шықты.  Сәт сапар, мектеп түлектері!,- деді облыс басшысы.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасып, отшашумен аяқталды.

www.zhaikpress.kz

                                                                                              Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале