24.02.2016, 12:18
Оқылды: 25

Соңғы 3 жыл ішінде 16 денсаулық сақтау нысаны, соның ішінде ауылдық жерде 14 нысан салынған

received_981244735258221   Облысымызда 2015 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 22,1 млрд.теңгені құрады. Медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 0,7 млрд.теңге бөлінген.


Медициналық жабдықтармен жарақтандыру 70,7%-дан 77,6%-ға дейін өсті.

Ағымдағы жылы Орал қаласында 300 төсек-орынды қалалық көп бейінді аурухананы іске қосу жоспарлануда.

Соңғы 3 жыл ішінде 16 денсаулық сақтау нысаны, соның ішінде ауылдық жерде 14 нысан салынды.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндеана өлімі 2 есеге, нәресте өлімі 9,3%-ға, туберкулезбен сырқаттанушылық 8,5%-ға, тұрғындардың жалпы өлімінің көрсеткіші 10,8%-ға,қан айналымы жүйесі аурруларынан өлім 5,5%-ға, қатерлі ісік ауруларынан өлім 4,3%-ға, жарақаттанулар мен уланулардан өлім 11%-ға төмендегені байқалады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале