23.06.2015, 9:05
Оқылды: 26

Спартакиада өз мәресіне жетті

sportakiada   Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыс орталы¬ғында мемқызметкерлердің облыстық спартакиадасы өтті.

«Ақжайық» футбол клубының стадионында өткен доданың ашылу салтанатына облыс әкімінің бі¬рінші орынбасары Арман Өтеғұлов қатысып, жиналғандарды құттықтады.

- Еліміз дені сау ұлт ретінде дамуды басты бағыт ретінде таңда¬ды. Мемлекеттік қызметшілер соның үлгісі болуы тиіс. Бұқаралық спортты дамытуды Елбасы алдымызға мақсат етіп қойды. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жарыстарда тек жеңіс тұғырларынан көрінейік, - деді  Арман  Кәрімұлы.

Барлығы 19 команда қатысқан спартакиадада командалық есеппен Қазталов ауданы алға шықса, екінші орынды Сырым ауданы, үшінші орынды облыс әкімдігі иеленді.

www.zhaikpress.kz

Нұрлыбек  РАХМАНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале