12.08.2015, 11:13
Оқылды: 22

Спикер -  Казталов ауданында

Спикер (2)Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің спикері Қабиболла Жақыпов, Батыс Қазақстан облысы әкімі Нұрлан Ноғаев Қазталов ауданы орталығында болды.

Сапар барысында келген қонақтар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнап ашылған «Достық» саябағымен танысты. Қазақ халқының киелі шаңырағы бой көтерген бұл саябақ еліміздегі татулық пен бірліктің көрінісі іспетті.

Спикер (1)Сонымен қатар жанындағы балалар ойын алаңы да, аудан тарихынан мәлімет беретін тақталар да өзіндік сән беруде.

Сондай-ақ спикер мен өңір басшысы аудандық мұражайда болды және Мәдениет үйінде ауданның мекеме, қоғамдық ұйым жетекшілерімен және ауыл ақсақалдарымен кездесіп, ашық-жарқын әңгімелесті. Әңгіме барысында Қабиболла Жақыпов ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясындағы бағыт-бағдарлар туралы да айтты.

Кездесуде сөз алған ардагерлер Есмұқан Меңешев, Ихсан Құтхожин Елбасымыздың жүргізіп жатқан сарабдал саясатына халықтың риза екендігін айта келіп, қонақтарға ел үшін жасап жатырған жұмыстарына сәттілік тіледі.

www.zhaikpress.kz

Қайрат ЖАҚЫП

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале