24.05.2016, 12:25
Оқылды: 25

Спорттық жарыс оздырылды

Karatobe keme    Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің ұйымдастыруымен авто, әуе, зымыран, кеме үлгілері бойынша аудандық спорттық жарыс оздырылды.


    Аталмыш шара оқушылардың техникалық шығармашылығын арттыру, команда құрамында шығармашылық жұмыс істеу дағдысын игеру, спорттық-техникалық түрлері бойынша үздік нәтижелерді насихаттау, жеке тұлғаның шығармашылық құзыретінің бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру және білім алушылардың өзін-өзі кәсіби шеберлігін анықтау мақсаттарын көздеді.

    Жарыстың ашылу салтанатында Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің директоры Исатай Жақсығалиев сөз сөйледі.

    Ал, қосымша білім беру педагогы Ержан Бақтығалиев жарыс ережесімен таныстырды.

   Жарысқа қатысқан мектептер Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Соналы ЖОББМ, Үшағаш НОМ, Б.Қаратаев, ҚБШҮ өрендері авто, әуе, зымыран, кеме үлгілері бойынша өзара сынға түсіп, тәжірибе алмасты.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале