17.02.2016, 18:50
Оқылды: 28

Спорттық сайыс өтті

????????????????????????????????????

 Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қолдауымен Қаратөбе колледжінде мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында шорт-трэктен және пневматикалық мылтықтан ату сайысы оздырылды. Спорттық шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл және Ауған елінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 27 жыл толуына орай өткізілді.


Жастардың белсене қатысуымен өткен шорт-трэк сайысында мұз үстінде сырғанаудың қыр-сырын жақсы меңгерген Қаратөбе колледжінің студенті Абай Түркпенбаев жеңімпаз атанды. ІІ орындарды колледж студенті Әділбек Айдынұлы иемденсе, ІІІ орынға Шөптікөл мектебінің оқушысы Адиат Сағынғалиев тұрақтады.

Дәлдік пен ептілікті талап ететін пневматикалық мылтық ату сайысында мергендігімен көзге түскен колледж студенті Бөгембай Қайыпқалиев І орынды иеленді. Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушылары Райымбек Батырбекұлы мен Ғалым Лесбаев екінші-үшінші орындарды өзара бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.

Шара барысында колледж студенттері мәнерлеп сырғанаудан көрініс көрсетіп көрермендер ықыласына ие болды.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале