22.05.2015, 1:23
Оқылды: 30

Спорт – денсаулық кепілі

Dollin auili  Долин селолық округінде салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа және дене шынықтыруға тарту мақсатында Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының тестін тапсыру, жазғы спорт түрлері бойынша ұйымдастырылды. Ұлт денсаулығын нығайтуға, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге елеулі үлес қосатын маңызды шараға барлық ауыл тұрғындары 10 жастан жоғары және 60 жастан асқан зейнеткерлерімізде қатысты. Округ  әкімі Бақытжан Қасымұлы сөз сөйлеп, бүгінгі күнге сәттілік тіледі. Президенттік тест екі деңгейге бөлінді: президенттік деңгей –физикалық жан –жақты дамыған адам; деңгей-ұлттық дайындық,  деңгей-ауыл тұрғындарының физикалық дайындығы. Шараға округ әкімі, мекеме басшылары, мекеме қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, оқушылар, жастар және ауыл тұрғындары, барлығы 207 адам қатысты. Денсаулықты шынықтыруға әр адамның өзінен бастап, қоғамда жан-жақты мүмкіндіктер жасауға тиіспіз. Міне, осындай шаралардың арқасында болашақта өрендер арасынан ауылымыздың майталман спортшылар өсіп қалыптасады.Бұқаралық спорт жарысын ұйымдастырушылардың мақсаты - халықтың санын көбейту емес, халықтың сана-сезімін шыңдау. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді ұстанайық.

www.zhaikpress.kz

Майра Нұрымжанқызы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале