14.09.2015, 18:00
Оқылды: 11

Спорт – саламатты өмір салтының негізі

Janibek sport salamatti omirdin negizi  «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған аудандық мекемелер арасында шағын футболдан ашық турнир болып өтті.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен бұл турнирге 6 команда: аудан әкімдігі, аудандық орталық аурухана, Т.Жароков атындағы ЖОББ мектебі, №1 ЖОББ мектебі, А.Оразбаева атындағы негізгі орта білім беретін мектеп, Жәнібектегі 2036 әскери бөлімі командалары қатысты.

Кездесулер қызу өтіп, жігіттер жасыл алаңда жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Спорттық іс-шараның жеңімпазы болып №1 ЖОББ мектебі атанды. 2-орын аудандық орталық аурухана командасына бұйырды. 3-орынды аудан әкімдігі командасы місе тұтты. Сонымен қатар, көзге ерекше түскен ойыншылар: «Үздік ойыншы» аталымы бойынша Роберт Бигалиев, «Үздік шабуылшы» аталымы бойынша Қуаныш Хасенов, «Үздік қақпашы» аталымы бойынша Ахмедияр Батырханов, «Үздік қорғаушы» аталымы бойынша Максим Сүндетов марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль және дипломдар табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

 Данияр ҒИБРАТҰЛЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале