3.09.2015, 9:10
Оқылды: 35

Спорт саласында – жаңа басшы

 Jalpaktal sport salasinda jana basshi  2 қыркүйек күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов Жалпақтал ауылында болып, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаңа басшысын ұжымға таныстырды.

Қазталов аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып Айбар Мұғалбаев тағайындалды. Айбар Мұрадымұлы 1981 жылы Жалпақтал топырағынджа дүниеге келген. Алматы қаласының спорт және туризм академиясын аяқтап, еңбек жолын 2004 жылы №17 Жалпақтал кәсіптік мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс жасаған. Талай палуан шәкірт тәрбиелеп, бірнеше дүркін дзюдо, самбо күрестерінен республикалық, облыстық сайыстардың жеңімпазы болды. Дзюдо күресінен спорт шебері.

Жаңа спорт мектебінің директорын ұжымға таныстыру жиынында сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Сәрсекұлы Айбар Мұрадымұлының қызметімен құттықтап, жаңа жұмысына сәттілік тіледі. Мұнан кейін сөз алған спорт мектебінің дзюдо күресінің, ауыр атлетика тобының жаттықтырушылары Ғаділбек Сатыбалдиев, Ертілек Сарманов жаңа басшының қызметіне сәттілік, нәтиежелі жұмыс атқаратындығын және жаңа қызметіне жарқын жетістіктер тіледі.

Қазталов аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Айбар Мұғалбаев әріптестерінің өзіне сенім білдіргеніне ризашылығын айтып, өз деңгейінде нәтижелі жұмыс жүргізетіндігін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале