30.03.2016, 11:59
Оқылды: 13

«Спорт - суицидке қарсы»

 Janibek suicidke karsi   Осындай ұранмен 2003-2005 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында қазақ күресінен аудандық ашық біріншілік ұйымдастырылды. Жарысқа Орал қаласы, көршілес Бөкей Ордасы ауданы, Жәнібек, Ақоба, Күйгенкөл, Ұзынкөл ауылдарынан командалар келіп қатысты. Күрес десе ішкен асын жерге қоятын халық екенімізді танытып, сонау 500 шақырым жерден ат арытып келген оралдықтар мен ата-көршіміз ордалықтарға «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Ахмедияр Батырханов алғыс айтып, сөз сөйледі.


         Бозкілемде жас палуандар 10 салмақ дәрежесінде белдесіп, бірінен-бірі мықты екендіктерін көрсете білді. Олардың қай-қайсысының да жеңімпаз атанғасы келетіндерін  ширақ қимылдарынан байқадық. Сонымен, тартысты жарыстың қорытындысы төмендегідей болды:

         23 келі. 1-орын Д.Сисенбай (Жәнібек), 2-орын А.Рахмушев (Жәнібек), 3-орын М.Қанатов (Ақоба), Е.Нәсиев (Жәнібек); 26 келі. 1-орын И.Нәсиуллин (Орал), 2-орын Ә.Биәлиев (Жәнібек), 3-орын А.Нарынов (Жәнібек), А.Хасенов (Ақоба); 29 келі. 1-орын М.Өтемісов (Ұзынкөл), 2-орын Ж.Инаталиев (Бөкей Ордасы), 3-орын Р.Павлов (Бөкей Ордасы); 32 келі. 1-орын Н.Қайырғалиев (Ақоба), 2-орын Ә.Өтеғалиев (Бөкей Ордасы), 3-орын Д.Мұса (Жәнібек), С.Нұрсұлтанов (Жәнібек); 35 келі. 1-орын А.Шүйінішқалиев (Орал ), 2-орын Р.Қонысбаев (Орал ), 3-орын Б.Берікұлы (Күйгенкөл), А.Есболат (Жәнібек); 38 келі. 1-орын Е.Зинекенов (Орал), 2-орын А.Қожахметов (Жәнібек), 3-орын М.Мақсот (Бөкей Ордасы), А.Темірболат (Жәнібек); 42 келі. 1-орын Ғ.Еркеғұлов (Жәнібек),2-орын Н.Ескендіров (Бөкей Ордасы), 3-орын Е.Қабдолуахитов (Тау), Б.Серденов (Ақоба); 46 келі. 1-орын Ә.Рахметуллин (Күйгенкөл), 2-орын Ж.Махамбетов (Күйгенкөл), 3-орын М.Шениязов (Ұзынкөл), А.Әділханов (Ақоба); 50 келі. 1-орын Өтебаев (Бөкей Ордасы), 2-орын А.Қалиев (Күйгенкөл), 3-орын Ж.Ибрагимов (Ұзынкөл), Б.Ниғмет (Жәнібек); 50 келі. 1-орын М.Задоров (Жәнібек), 2-орын С.Мәліков (Ақоба), 3-орын Е.Мұратов (Ақоба), Ф.Сердеғалұлы (Бөкей Ордасы).

www.zhaikpress.kz

         Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале