21.11.2016, 12:53
Оқылды: 35

Студенттер алғашқы көмек көрсетуді үйренді

%d0%b0%d0%ba%d0%ba           «Жол қозғалыс қауіпсіздігі апталығы» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында және әлем бойынша қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күні қарсаңында БҚО ІІД қызметкерлері «Батыс Қазақстан автомектебі» кәсіби бірлестігімен бірлесе отырып, сондай-ақ, Орал техникалық колледж басшылығының қатысуымен колледж студенттері арасында алғашқы көмек көрсету бағытында конкурс ұйымдастырды. «Батыс Қазақстан автомектебі» кәсіби бірлестігінің төрағасы Т.Л. Қуанғалиев өз сөзінде: «Құрметті студенттер, әрқайсысыңыз – болашақ көлік жүргізушісіздер. Өмірде келеңсіз жағдайға тап болған жағдайда дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету бойынша конкурс ұйымдастырып отырмыз. Тек біздің елде ғана емес, жалпы әлем бойынша апат жағдайлары көптеп орын алуда. Статистикалық мәліметке сүйенсек, жол апатына ұшыраған адамдардың 23%-ы алғашқы медициналық көмек дер кезінде қолданылмағаны нәтижесінде қаза болып отыр»,- деп атап өтті.

Конкурc аясында студенттер медициналық бағыттағы теориялық және практикалық білімдерін конкурс барысында көрсетті:

  • жамбас сүйегі сынған кезде таңғышты қолдану;
  • aшық дене жарақатын алғанда қан тоқтату кезінде дәкені қолдану, жалпы қан тоқтату әдістерін, сондай-ақ, жыл мезгіліне қарамастан дәкені қолдану тәртібі;
  • бас миы шайқалған кездегі іс-әрекет амалы;
  • көлік дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын білу;
  • жол-көлік оқиғасы кезінде іс-амал әрекеті.

Конкурсанттар арнайы сайланған әділқазылар алқасымен бағаланды. Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Шара аяқталған соң батысқазақстандық тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге көмек қолын созып, қан тапсыруға қатысты. Мұндай қан тапсыру акциясы үнемі ұйымдастырылып отырады.

БҚО Ішкі істер департаменті қала және облыс тұрғындарына  жол үстінде мұқият болып, жол қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

 

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале