14.06.2015, 12:00
Оқылды: 23

Студенттер шықты шалғынға

Akjayik studentter shikti shalginga Ақжайық агротехколледжінің «Жігерлі жастар» механикаландырылған жасағы «жасыл ораққа» кірісті. Өткен жылдардағыдай, Қабыршақты ауылдық округіндегі «Шымқұдық» шалғынында студенттер әрине, білімдерін істе шыңдайды, еңбекке төселе түседі. Науқан бойына шабындық төсінде 22 жігіт ауысым бойынша машықтанудан өтеді. Содан кейін олар дипломдарын алып, үлкен өмірге қадам басады.

Жасақ қажетті техникамен толық қамтылған. Дала қосында да әдеттегідей, барлық жағдай бар.

Осымен «жасыл ораққа» үшінші маусым шыққан «Жігерлі жастар» айталық, былтыр 5 мың центнерден астам шөп дайындады. Сөйтіп, тұрғындардың ауласындағы малына және шаруа қожалықтарына сатылған пішеннен колледж қоржынына 3 млн.-ға жуық теңге түсті. Биылғы жаз да осындай жеміс әкелеріне оқытушылар, шәкірттер әбден сенімді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале