27.11.2015, 20:25
Оқылды: 37

Судың да сұрауы бар

Taskala sudin da syraui bar  Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі С.Әлиевтің төрағалығымен  «Біздің ауыл» партиялық жобасы аясында кеңейтілген отырыс өтті.

Аталмыш шараға  аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары Д.Ғазез, аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, сондай-ақ  ауылдық округ әкімдері мен қатар мекеме, ұйым басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде ауылдарды абаттандыру мен су құбырларының жай-күйі, сондай-ақ олардың жұмыс істеу сапасы  қаралды.


 

Алғаш болып сөз алған аудан басшысы Санжар Жұматайұлы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында барлық ауылдық округтерді аралап, ауыл ақсақалдарымен кездесіп, олардың сауалдары мен айтқан ұсыныстарын қорытындылау мақсатында бүгін сіздермен бас қосып талқылауды жөн көрдім, - деді.

Одан әрі әр ауылға тиісті су құбырларының кімнің балансында тұрғанын толықтай пысықтап  шыққан аудан басшысы, әлі де болса иесі жоқ су құбырларының бар екенін тілге тиек етті және  осы жөнінде  жұмыстану үшін тиісті мекемелерге тапсырма берді.

Сондай-ақ жиын барысында  жарық бағасының қымбаттауына байланысты, су беріп отырған коммуналдық шаруашылық шыққан шығындарды өтей алмай отырғанын да жасырған жоқ. Кейбір ауылдық округтерде суға төленетін қаражат дұрыс есептелмей отырғанын баса айтты. Оған себеп аталмыш мекеменің  басшысы К.Бисалиевтің жұмысын дұрыс ұйымдастыра алмауының себебі деді Санжар Жұматайұлы. Жиын барысында жабусыз қалған құдық қақпақтары да адам өміріне қауіпті екенін ескертіп өткен аудан басшысы тез арада осы жұмыстарды аяқтауды тапсырды. Жиын барысында жолдарды қардан тазалау, сондай-ақ аудан орталығындағы кейбір көшелерге «Ақбұлақ» бағдарламасын күтпей су өткізу мәселелері де қаралды.

www.zhaikpress.kz

Тасқала ауданы

Назгүл Серікқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале