23.11.2015, 17:46
Оқылды: 28

Суицидке қарсы жиын

Zelenov suycidke karsi yim  Зеленов ауданы орталық ауруханасында суицидтік мінез-құлық психопрофилактикасы, суицидтік қауіпті жағдайлар кезінде шұғыл психологиялық жәрдем көрсету, суицидке бейімділікті психодиогностикалау тақырыбында облыстық семинар өтті. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің біріне айналып отырған суицидті талқылаған жиынға аурухана басшысы Т. Мұсағалиев, облыстық психикалық денсаулық орталығы басшысының орынбасары Л.Догорова, орталық мамандары мен өңіріміздің аудандарынан келген психологтар қатысты.


Семинарды «Психопрофилактикалық жұмыс кезеңдері» тақырыбындағы психикалық денсаулық орталығының маманы оқыған И. Понамареваның баяндамасымен басталды. Ол өз сөзінде суицидке бейім адамдармен қандай жұмыс жүргізу керектігі, балалар суицид жасаған кезде олардың ата-аналарымен қандай жұмыстар жүргізілуі керектігіне тоқталды. Кейін Н. Самарцева «Суицидке бейім пациенттермен жұмыс кезіндегі психодогностика» тақырыбын баяндама жасаса, облыстық психикалық орталық мамандары аудан психологтарына қажетті көптеген кеңестер беріп, жұмыс барысында кездескен, жиі кездесетін жағдайлармен де таныстырып, қиын жағдайға тап болған адамға көрсетілер көмек турасында да біраз мағлұматтар берді.

Шара соңында орталық аурухана психологі Ю. Яфарова «Тұрғындармен тәуекел топтар бойынша психопрофилактикалық жұмыс, кәмелетке толмағандармен жасалған псипрофилактикалық жұмыс» жөнінде және аудан психологтарының жұмысын ұйымдастыру жайында ойымен бөлісті.

 www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале