25.02.2016, 13:08
Оқылды: 33

Суицид – әлемдік індет

 Janibek suicid        Жәнібек аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында дәрігерлердің ұйымдастыруымен «Суицидті жою және оның алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.


         Дөңгелек үстел үстінде қазіргі кездегі еліміздегі суицид проблемасы талқыланды. Әсіресе, жасөспірімдер, мектеп оқушылары арасындағы өзіне қол жұмсау факторының себеп-салдары ортаға салынды. Аурухананың психолог-дәрігері Лаида Ахмурзина слайд арқылы баяндама жасап, суицид мәселесі қоғам назарынан тыс қалмау қажеттігін, ол үшін психолог-мамандар құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесе жұмыс атқару керек екенін атап өтті. Психиатр-нарколог Гюльнара Погульская есірткі мен ішімдіктің адам ағзасына қалай әсер ететіндігін жан-жақты баяндап, статистикалық деректер көрсетті. Есірткі мен ішімдікке тәуелді адамдардың арасында суицид жиі кездеседі екен. Жәнібек ауданы бойынша жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Ернар Сұлтанғалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдарбек Жұманиязов және Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары Мейрамбек Ибатов қоғамдық дертке айналған проблемаға қатысты өз ойларын ортаға салып, онымен күресудің амалдары жайлы ұсыныстарын айтты. Басқосудың соңында «Өмір» атты видеоролик көрсетілді.

     www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале