14.09.2016, 10:38
Оқылды: 30

Сулыкөлдіктердің Тәуелсіздік тойына тартуы

%d1%81%d1%83%d0%bb%d1%8b%d0%ba%d3%a9%d0%bb%d0%b4%d1%96%d0%ba%d1%82%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d1%82%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d1%82%d0%be%d0%b9%d1%8b%d0%bd%d0%b0  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 13 қыркүйек күні Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Округ кітапханалары күні» жобасы аясында Сулыкөл ауылдық округі кітапханасының «Тәуелсіздік - мәңгілік ел мұраты» атты шарасы өтті.


Мәдени шарада алғаш сөз алған Сулыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ербол Ораз және ауыл ардагері Жеңіс Қуанышкереев  жиналған кеш қонақтарына қош келдіңіздер айтып, ауыл тарихымен таныса отыруға шақырды.

Кеш барысында тәуелсіздікке арналған оқырмандар шеруі жалынды жырларын оқыса, ауыл әншісі Қаздамша Зайов жерлесіміз Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындап берді.

  Аталған шара соңында ауыл кітапханашысы Гүлсара Шарамикова  «Туған жер, мен де сенің перзентінмін!» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале