23.05.2015, 0:17
Оқылды: 24

Супермаркеттер сайысы басталмақ

Supermarketter sayisi   Қалада маусым айынан бастап «Қаланың үздік супермаркеті» атты акция бастау алмақ.

Бұл жөнінде бейсенбіде облыстық кәсіпкерлер палатасында ұйымдастырылған жиында облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұрлан Қайыршин мен қала әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев мәлімдеді.

Олардың айтуынша, бұл жоба отандық өнім өндірушілерді қолдау мақсатында жүзеге асырылмақ.

-«Қаланың үздік супермаркеті» байқауы бізге қай жағынан болса да тиімді болғалы тұр. Өйткені, осы шараға қатысу арқылы әрбір кәсіпкер, біріншіден, өз өнімін жарнамалауға және оны қаладағы ірі сауда жүйесіне көбірек шығарып сатуға мүмкіндік алады. Екіншіден, қала тұрғындары жергілікті арзан да сапалы өнімдерді тұтынуға қол жеткізеді. Үшіншіден, кәсіпкерлердің тауар айналымы артып, салық мөлшері көбейеді. деген Марс Қадырғалиұлының сөзін «Шағын бизнес орталығы» қауымдастығының директоры Шолпан Махмудова жалғастырды.

Бұдан кейін «Дина» гипермаркеті мен «Кублей» ЖШС-ның өкілдері сөйлеп, бұл акцияның тек кәсіпкерлерге ғана емес, сонымен қатар, ел экономикасы үшін да қыруар пайда әкелетінін айтып, жергілікті кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсетіп отырған билік өкілдеріне ризашылықтатырн білдірді.

Жиынды қорытындылаған Нұрлан Қайыршин аталмыш акцияны бірігіп өткізуге ниет еткен барша кәсіпкерлерге алғысын айтып, байқауға қатысушыларға жемісті  жұмыс тіледі.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале