30.06.2015, 19:41
Оқылды: 28

Суға кетушілер саны азаяр емес

Suga ketushiler sani azayar emes  «Қазақстан-Орал» телеарнасында облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Жарқын Фазылов пен төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Марс Отаров БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Жыл сайын жаз мезгілінде облыс, республика аумағында судағы адам қазасы өзекті мәселе болып отыр. Соңғы 10 жыл ішінде облыс бойынша 303 адам суға батса, оның ішінде 63 жасөспірімдерді құрайды. 10 жылдық талдау бойынша, суда қаза болғандардың орташа жылдық көрсеткіші 30 адам. Бүгінгі күнге дейін облыстың су айдындарында 21 адам қаза болса, олардың тоғызы жасөспірім. Суға кетудің нақты себептері балалар ересектердің қарауынсыз қалуы, судағы қарапайым қауіпсіздік шараларының сақталмауынан болуда. Ересектер тарапынан, суға ішімдік ішіп түсу адам қазасының негізгі себебі. Қазіргі уақытта ересектердің қазасы бойынша медициналық сараптамадан анықтамалар сұратылуда. Бес факт бойынша келген анықтаманың 4-інде адамдардың ішімдік ішкені анықталды. ТЖ департамент тарапынан мамыр айынан бастап 4 құтқару бекеті адамдар көптеп суға түсетін орындарында кезекшілікте. Олардың 2-уі облыс орталығында (Қалалық саябақта және Коминтерн аймағында), бірі Чапай аулында болса, енді біреуі Шалқар көліне бекітілген. Ағымдағы жылы құтқарушылармен су айдындарында 30 адамның өмірі ажал аузынан арашаланса, соның ішінде жетеуі жасөспірімдер. Адамдар көптеп суға түсетін орындарда департамент мамандарымен бірге ерікті жастарда белсенділік танытуда. Дей тұрғанмен суға кетушілер саны азаймай отыр -  деді брифингте сала басшысы Жарқын Фазылов.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале