18.06.2015, 18:31
Оқылды: 21

Суға шомылуға барып, түскен бойда бірден өзенге батып кеткен

Suga batu 16 маусым күні Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылының жұрты Жайықтағы қайғылы оқиға туралы естіді. 2007 жылы туған Жәңгірхан есімді бала суға шомылуға барып, түскен бойда бірден өзенге батып кеткен. Бұл  туралы қасындағы басқа кішкентай балалар ауылға хабарлайды.

Ол Орал қаласындағы №1 орта мектептің оқушысы, Қарауылтөбеге әжесіне қыдырып келген. Сүңгуірлер оның мәйітін осы сағатқа дейін тапқан жоқ. Жәңгірхан әжесінің үйінен оның «суға түспе» дегенін ескермей, үлкен кісінің көзін ала беріп шығып кеткен.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале