8.01.2016, 15:47
Оқылды: 22

Су айдындарында профилактикалық рейд жүруде

Su aidinindagi prof reid    Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті ТЖ алдын алу бөлімінің мамандары жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен, облыстық Ішкі істер департамені және облыстық балық шаруашылық бассейн инспекциясының өкілдерімен бірге мұз астынан балық аулау орындарында сақтандыру рейдін жүргізді. Шаған және Деркөл өзендерінің аумағында әуеской қысқы балық аулаушылар көп жинақталатын телімдер таңдалынды. Мұндай рейдттер тек қана қайғылы оқиғаның алдын алуда маңызды емес, сондай-ақ қатпаған мұзға немесе үлкен мұздардың бөліну қаупі бар жерлерге шығар алдында балықшыларды тәуекелге баруға ойландырады.


         Іс-шара барысында қысқы әуесқой-балықшылармен қауіпсіздік шаралары бойынша әңгімелесу жүргізілді.  Департамент қызметкерлері балықшылармен кездесу барысында үсу және қату кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету туралы мұзда қауіпсіздік ескерту ережесін оларға ұсынып түсіндіріп кетті. Балық аулаушыларға қыста балық аулау кезінде көп шұңқырларды тесуге, мұздың беріктігін аяқпен теуіп тексеруге, мұзда секіріп жүгіруге болмайтынын ескертілді. Сонымен қатар тұман кезде және қараңғы түнде, жаңбыр мен қар жауғанда, ең бастысы топпен мұзға шығу болмайды.

         Мұз асты балық аулаушыларға атқарылған іс-шаралар зая өтпегенін және олардың кеңестері көмектесетініне құтқарушылар үміттенеді.

www.zhaikpress.kz

Батыс Қазақстан облысының ТЖ департаментінің

ТЖ алдын алу бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале