24.05.2015, 16:09
Оқылды: 33

Су арнасындағы оқыс оқиға

Akjayik su arnasi okis okiga    20 жастағы бөкейордалық азамат қасындағы серіктерімен бірге Атырауға бет алған жолсапары барысында бүгін оқыс оқиғаға тап болып, көз жұмды.

Олар «КамАЗ» көлігімен Ақжайық ауданының орталығы – Чапаев тұсында «Ақдастарқан» кафесіне аялдайды. Ауқаттанған соң сол азамат қолындағы ыдысымен су алу үшін таяу жердегі су арнасына барады. Өкінішке қарай, күрт ылдилайтын жарда аяғы тайған болу керек, арнаға батып кеткен. Мұны қапелімде таяу маңдағы ешкім аңдамай қалған.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале