15.10.2015, 15:33
Оқылды: 24

Су арнасында жаңа құрылғылар іске қосылуда

12075038_1651083198473097_4475405328790060541_nБүгін Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша департаменті «Батыс су арнасы» ЖШС нысандарында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Сумен қамту және суды қайтару жүйелерін жаңарту мен жаңғырту» тақырыбында баспасөз турын өткізді.

«Батыс су арнасы» ЖШС жаңғырту бағдарламасын басшылыққа ала отырып, «Грюндфос» неміс компаниясымен шығарылған, үш және төрт сорғыдан тұратын сорғы стансасын жеткізуге «Акватория-Ақтөбе» ЖШС-мен шартқа отырды. Қала бойынша 20 көтергіш сорғы стансаларындағы ескі жабдықтар жаңғыртылды.

12096525_1651083288473088_1398171602077034680_nЕнді жаңа сорғы стансалары қаламыздың Достық және Еуразия даңғылдары, Құрманғазы, Т.Масин, А.Тайманов, Ш.Жексенбаев, Петровский, Ю.Гагарин, Х.Есенжанов және Жәңгірхан көшелеріндегі тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, биылғы жылы 34 көтергіш сорғы стансасында қайта құруды жүргізу жоспарлануда.

Қуаттылығы 7 кВт сорғылары бар ескі электр қозғалтқыштарын 1,1 – 3 кВт қуаттылығы бар «Грюндфос» сорғы стансасына ауыстыру ай сайын 40 248 кВт немесе 497 465 теңгені үнемдейді. Жаңа құрылғы жылына 6 млн.теңге үнемдейді деген сөз.

12106970_1651083441806406_2786125812556477920_n40 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келген сорғы жабдығы әбден ескірген. Ал заман талабына сай келетін жаңа сорғылар тұтынушыларға судың үздіксіз берілуін, желіліерде апатты жағдайлардың азаюын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, электр қуаты мен суды үнемдеуді, судың тек пайдалану көлеміне қарай тұрақты бір қысыммен берілуін реттеп отырады.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале