8.09.2015, 20:04
Оқылды: 58

Су астынан қасиетті жүзік тапты

Zelenov jyzik01  Жуырда Facebook әлеуметтік желісіне Жанерке Ғинаят есімді қарындасымыз Зеленов ауданы аумағынан Шаған өзенінен арабша жазулы жүзік табылғанын жазып, жүзіктің суретін салған екен. Жанеркенің жеке парақшасына табылған жүзікті арабша оқи білетін мамандарға көрсету керектігін айтып жазба қалдырғанбыз. Өтінішімізді құп алды.

– Бұл жүзікті ауыл іргесінен ағатын Шаған өзенінен 13 жасар інім Талант тауып алды. Өзінің айтуынша су түбіне сүңгіген кезде саусағына ілігіп шығыпты. Тапқан сәтте болар-болмас араб жазуына ұқсас белгілері байқап, үйге алып келді. Кейін әкем мұқият тазалап, жазуын оқыту керектігін айтты. Мен көп ойланбастан Facebook әлеуметтік желісіне сала қойдым – деген Жанерке ( суретте) үйдегі жеті ұл-қыздың үлкені екен. Зеленов ауданы Макаров округі Факел елді мекенінің тұрғыны Мереке мен Зәйда жеті бала тәрбиелеп отырған ұстаздар. Үлкендері Жанерке биыл математика пәнінің мұғалімі мамандығын игеріп, ата-анасы қызмет ететін Подхоз негізгі мектебіне жұмысқа орналасқан.

Жүзікті кәсіби білікті журналист, тарихи-танымдық «Dana.kaz» журналының бас редакторы Қазбек Құттымұратұлына әкеліп көрсеттік. Ол кісі «Лә илаһа ил-Аллаһ, Мухаммад расул-Аллаһ» - деген жазуды оқып, арнайы зауыттан соғылған күміс жүзік екендігін анықтады.

Он үшінде су астынан саусағына қасиетті жазуы бар жүзік іліккен Таланттың болашағы жарқын, елін сүйер азамат болғай дейміз.

www.zhaikpress.kz

Нұржан Дүзбатыр

Зеленов ауданы     

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале